Дзюдошылар Олимпиада алдындағы соңғы дайындығын пысықтап жатыр
Дзюдошылар Олимпиадаға қызу дайындалып жатыр
Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары қазіргі уақытта Алматы облысында Олимпиада қарсаңындағы соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Бұл туралы құраманың бас бапкері Нұрбол Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасында дзюдодан ел намысын ерлер арасында Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев, Данияр Шамшаев, Абылайхан Жұбаназар және Нұрлыхан Шархан қорғайды.