Жаңалықтар

Ұланғасыр Қамиев "Балқияның" қайнысына миллион теңге берді (видео)

Әнші "Балқияның" қайнысына қаржылай сыйлық жасады

Жексенбі күні Алматыда өткен NAIZA 67 турнирінде жеңіске жеткен Дәулет Өсербайға әнші Ұланғасыр Қамиев 1 миллион теңге сыйға берді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Аталмыш турнирде қазақстандық спортшы әрі "Келінжан" телесериалының актері Дәулет Өсербай Иран файтері Пахлаван Даудты қылқындыру әдісімен жеңген болатын. Жекпе-жек алдында эстрада әншісі Ұланғасыр Қамиев спортшы Дәулет Өсербайға қарсыласынан басым түссе, 1 миллион теңге беремін деп уәде еткен болатын.

Жекпе-жек аяқталғаннан кейін Ұланғасыр Қамиев сөзінде тұрып, елдің көзінше ақшасын мобильді қосымша арқылы Дәулетке аударып берді.