Бокс

АҚШ-тағы жұлдыздар тақтасына есімі жазылған қазақ боксшылары туралы не білеміз?

Қазақ боксшылары 1979 жылғы әлем кубогында топ жарған

1979 жылы АҚШ-та өткен бокстан әлем кубогына КСРО құрамасы атынан қазақстандық боксшылар қатысқан. Осы әлем кубогында жеңіс тұғырына көтерілген қазақстандық боксшылардың есімдері кейіннен АҚШ-тағы әйгілі Madison Square Garden-дегі тақтаға жазылды, деп Dopmedia.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-та өткен әлем кубогында медальдар 11 салмақ дәрежесінде сарапқа салынды. Негізгі бәсеке АҚШ пен КСРО құрамалары арасында болды. Аталмыш турнирге қатысқан 3 қазақстандық спортшы да жеңіс тұғырынан көрінді.

60 кг салмақтағы финалдық бәсекеде Виктор Демьяненко америкалық Дейв Армстронгтан басым түсті. Ал 63,5 кг салмақта жұдырықтасқан Серік Қонақбаев финалда Лемуэель Степлсті жеңді. Ал бұл турнирже күміс медальді қазақстандық Камил Сафин (48 кг) еншіледі.  

Серік Қонақбаев пен Виктор Демьянкенконың есімі Madison Square Garden-дегі мәрмәр тақтаға әлем кубогы жеңімпаздарымен бірге ойылып жазылған. Виктор Леондиович бұл мәрмәр тақтаны жеке өзі көрмегенін, алайда бұл ақпараттан хабардар екенін жеткізді. Сондай-ақ даңқты боксшы турнир қарсаңында Нью-Йоркте басынан өткен оқиғаны баяндады.