Ерлер

Менің командам сақадай сай – бас бапкер

«Тобыл» бүгін «Ружомберокқа» қарсы ойнайды

«Тобыл» футбол клубының бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиев Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде словакиялық «Ружомберок» командасына қарсы ойынның алдында журналистердің сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

«Тобыл» футбол клубының бас бапкері алдағы ойынға қатысты өз ойын білдіріп, командасының сақадай сай дайын екенін айтты.

Словакияда өтетін алғашқы ойын бүгін, 11 шілдеде Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. Ал екінші кездесу 18 шілдеде Қостанайда өтеді.

Айта кетейік, «Ружомберок» өз тарихында Словакия чемпионатында бір рет, 2005/2006 жылғы маусымда топ жарған. Сол маусымда клуб ел кубогының иегері атанды. Өткен жылы команда Словакия кубогын тағы бір мәрте қанжығасына байлаған.

Ал «Тобыл» өзінің соңғы ойынын 30 маусымда өткізді. Қазақстан чемпионатының матчында ол «Ақтөбеге» қарсы кездесу өткізіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті. ҚПЛ-да өткізген 12 ойыннан кейін қостанайлық клуб турнирлік кестенің 4-орнында келе жатыр.