Футзал

"Қалайша ұялмайсыңдар": ұлттық құрама үздіктері әлем чемпионатына наразы

Тайнан мен Игита франциялықтарды сынға алды

Португалияның «Спортинг» командасында ойнайтын қазақстандық футзалшы Тайнан Франция мен Иран арасындағы әлем чемпионатының үшінші турында өткен матчтың (1:4) нәтижесіне өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Сондай-ақ бұл матч туралы Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Лео Игита да пікір білдіріп, аталған матчты сынады.

Еске сала кетейік, сол матчтың жеңімпазы Мароккомен кездесуге шықты, ал 1/8 финалдағы жеңістен кейін Иранды келесі кезеңде Бразилия мен Коста-Рика жұбының жеңімпазы күтіп тұр. Ал екінші орын алған Франция Таиландпен ойнап, келесі кезеңде Парагвай мен Ауғанстан арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Сонымен қатар, көптеген БАҚ өкілдері мен футзалшылар француз ойыншыларының өз қақпасына гол жіберген сәттерін қатты сынға алды.