Жаңалықтар

Даңқты қырғыз балуаны Жоламан Шаршенбеков үйленді (видео)

Қалыңдығымен бірге бір сыныпта оқыған

Париж Олимпиадасында қола медаль иеленген қырғызстандық балуан Жоламан Шаршенбеков шаңырақ көтеріп жатыр, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Қырғызстанның Талас қаласында грек-рим күрес шебері Жоламан Шаршенбековтің қалыңдығының ұзату тойы өтті. Спортшы өзінің қалыңдығымен бір сыныпта оқыған. Жоламан Шаршенбековтің қалыңдығының есімі – Айхан. 

Айта кетейік, биыл Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен 60 кг дейінгі салмақта сынға түскен Жоламан Шаршенбеков қола медаль еншіледі.