Күрес

Олимпиада алтынын 20 жыл күттім – Демеу Жадыраевтың бапкері

Ол Демеу Жадыраевты кішкентай күнінен баптаған

Демеу Жадыраевтың жеке бапкері Боранбек Қоңыратов Париж Олимпиадасында шәкіртінің қасында бола алған жоқ. Десе де, бозбала кезінен Демеуді бауырына басқан маман жол ұзақтығы мен сағат айырмасына қарамай, «баласына» сымсыз байланыс арқылы ақыл-кеңесін жаудырып отырды.  Жадыраев Олимп тұғырына көтерілген соң, бапкерді қаумалап, сый-құрметін көрсетіп  жатқан қауымда есеп жоқ. Бірақ Боранбек бапкердің бұл жеңісті бес олимпиадалық цикл бойы армандап, табаны күректей 20 жыл күткенін бірі білсе, бірі білмейді, деп Dopmedia.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Демеу Жадыраевтың бапкері Боранбек Қоңыратов Олимпиада алтынын 20 жыл күткенін айтты.

Сонымен бірге Боранбек Қоңыратов шәкірті Демеу Жадыраевтың спортқа қалай келгені және мінезіндегі ерекшелік туралы айтты.

Айта кетейік, грек-рим күресінен 77 кг салмақ дәрежесіндегі бәсекенің финалында Демеу Жадыраев жапон балуаны Нао Кусакамен күресті. Олимпиада алтынына таласта Жадыраев қарсыласына 5:2 есебімен жол беріп, күміс медаль еншілеген еді.