"Екінші Илья Ильин" қазақтың жұлдызын жақты (фото)
Қызылорда тумасы әлемдік додада топ жарды
19 қыркүйекте Испанияның Леон қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем біріншілігі басталды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Қазақстандық ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков 81 кг дейінгі салмақта қола медаль еншіледі.
Қызылорда спортының түлегі қоссайыс қорытындысы бойынша 344 кг салмақты (154+190) бағындырды.
Айта кетейік, бұған дейін Ерасыл Сәулебеков 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында екі дүркін әлем чемпионы атанған.