Футбол

Танымал футболшының әйелі 2,4 миллиардтан қашып кетті (фото)

Ол күйеуінің опасыздығына шыдай алмады

"Ньюкасл" клубының қорғаушысы Киран Триппьердің жары Шарлотта Триппьер күйеуімен арақатынасты үзгенін жариялап, қымбат зәулім үйге көшіп кетті, деп Dopmedia.kz тілшісі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздің мәліметінше, 35 жастағы Шарлотта неке жүзігін тастап, күйеуінен 320 шақырым алыс жерге қоныс аударған.

Шарлоттаның жаңа үйінің құны 3,85 миллион фунт стерлингті (шамамен 2,4 миллиард теңге) құрайтыны айтылған. Оқиғаның себебі ретінде футболшының опасыздығы көрсетілген. БАҚ мәліметінше, Триппьер караоке-барда белгісіз әйелді құшақтап, түнгі көңіл көтеру кезінде оның артынан көтеріп алып жүрген.

Айта кетейік, Киран мен Шарлоттаның үш баласы бар. Соңғы бірнеше ай бойы жұп көпшілік алдында бірге көрінбей жүрді.

34 жастағы Киран Триппьер 2022 жылдан бері "Ньюкасл" командасында өнер көрсетіп келеді. Бұған дейін ол мадридтік "Атлетико", лондондық "Тоттенхэм", "Бернли" және "Манчестер Сити" клубтарында ойнаған. Футболшы сонымен қатар Англия құрамасында да өнер көрсетеді.

Transfermarkt сайтының бағалауы бойынша, Триппьердің трансферлік құны 10 миллион еуроға тең.