Самородов ойнайтын клубтан кеткеннен кейін Адиев күтпеген мәлімдеме жасады
Футбол әлемінде бапкерлік ауыс-түйістер әрқашан үлкен қызығушылық тудырады. Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев Ресей Премьер-лигасындағы «Пари НН» клубының бас бапкері қызметіне үміткер болуы мүмкін деген жаңалық жанкүйерлер арасында қызу талқылануда.
Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев "Пари НН" клубымен келіссөздер жүргізіп жатқанын "РБ Спорт" басылымына растады. Бұған дейін "Пари НН" клубының Адиевті жаңа бас бапкер ретінде қарастырып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын.
Айта кетейік, Адиев ағымдағы маусымды «Ахмат» командасында бастап, онда Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов өнер көрсетуде. Алайда 1 қыркүйекте бапкер қызметінен босатылып, оның орнына Сергей Ташуев тағайындалған еді.
Қазіргі уақытта тоғыз турдан кейін «Пари НН» Ресей Премьер-лигасында 12-ші орында тұр және олардың қоржынында 7 ұпай бар.