Ерлер

Абаттың алды тұйық, арты жар: футболшы неліктен алаңнан көрінбейді?

Абат Айымбетовтің Түркиядағы болашағы қандай?

Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетовтың румыниялық агенті Траян Гергишан ойыншының "Адана Демирспор" матчтарына қатыспау себебін түсіндірді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Агенттің айтуынша, Абат жарақат алып, қазір қалпына келу процесінен өтуде. Клуб бұл процесті жылдамдатуды қаламай, Айымбетовті кезең-кезеңмен емдеуде. Сонымен қатар, менеджердің айтуынша, түркиялық команданың бас бапкері футболшыға сенім артып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Гергишан 2024 жылдың қысында Абаттың түркиялық клубқа ауысуын ұйымдастырған болатын. Биылғы маусымда Абат Айымбетов үш матчқа қатысып, бірақ гол соға алмады.

Қазіргі уақытта "Адана Демирспор" бір ұпаймен турнир кестесінің соңғы, 19-орнында тұр. Алдағы 29 қыркүйекте "Адана Демирспор" сырт алаңда "Бодрумспормен" кездеседі.