"Біздің жігіттер жанын салып ойнайды": футзал ардагері Қазақстанның жеңісіне сенімді
Оның айтуынша, біздің жігіттер жүрегімен ойнайды
Футзалдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, УЕФА Кубогының екі дүркін иегері, Қазақстанның он дүркін чемпионы Серік Жаманқұлов әлем чемпионатының 1/8 финалындағы Қазақстан мен Португалия құрамалары арасындағы матч туралы пікірін білдірді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетейік, матч ертең, 26 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де басталады.