Бокс

Қуат Хамитов бокстағы алғашқы жекпе-жегіне қалай дайындалып жатыр? (фото)

Ол әлеуметтік желідегі парақшасына фото жариялады

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіне қалай дайындалып жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Қуат Хамитов 3 күннен кейін кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегін өткізеді. 28 қыркүйекте Алматыда Қуат Хамитов ММА файтері Нұрберген Шәріповпен кездеседі. Бұл бәсеке Нұрберген Шәріпов үшін де шаршы алаңдағы дебют болмақ. 

Қуат Хамитов Instagram желісіндегі ресми парақшасында дайындық барысынан фотолар жариялаған.