Ерлер

Бақтиер Зайнутдинов Нидерландыда жүр: футболшының не ойлағаны бар? (фото)

Қазақстандық футболшы Амстердам қаласында жүр

Футболдан Қазақстан құрамасының және түркиялық «Бешикташ» командасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Instagram желісіндегі ресми парақшасында Еуропа лигасы матчы алдындағы сапардан фотосурет жариялады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Футболшы әлеуметтік желідегі парақшасының «сторис» бөлімінде 26 жастағы Зайнутдинов Амстердамға (Нидерланды) жергілікті «Аяксқа» қарсы Еуропа лигасы матчына сапардан фотосурет жариялады.

Қазақстандық футболшы Амстердамдағы матчқа 24 ойыншыдан тұратын құрамға енді.

Айта кетейік, Еуропа лигасының бірінші турындағы «Аякс» пен «Бешикташ» арасындағы кездесуі 26-27 қыркүйек күндері Қазақстан уақытымен түнгі 00:00-де өтеді.