Қазақ баласы Данияда футболшыларды шайқап жүр
Рамазан Оразовтың бабы мен бағы келісті
Дания кубогының 1/16 финалында «Сикельборг» сырт алаңда «Роскильдені» 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Жеңімпаз команда сапында Ганчас пен Адамсен гол соқты. Ойынның 73-минутында қазақстандық жартылай қорғаушы Рамазан Оразов Юнес Бакизді алмастырып, 93-минутта өз голын соқты.
Айта кетейік, бұл – Рамазан Оразовтың дат клубы сапындағы екінші голы.