Футзал

"Қайт үйге": Қазақстанмен тең түскен Испания әлем чемпионатынан ұшты

Испаниялықтар плей-оффтан бірінші сатысынан тоқтады

Испания әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатында сенсация тіркелді. Венесуэла 1/8 финалда Испанияны 2:1 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.

Венесуэлалықтар 1/4 финалда Украинамен күш сынасады.

Айта кетейік, Испания Қазақстан құрамасымен бір топта өнер көрсетіп, топтан гол айырмашылығымен бірінші орынмен шыққан болатын.

Ал Қазақстан 1/8 финалдағы матчын бүгін, 26 қыркүйекте Португалияға қарсы өткізеді.