Хоккей

«Барыс» чемпионаттың үздік ойыншысынан айырылып қалды

Ник Меркли «Автомбилист» командасына ауысты

«Барыс» хоккей клубы «Динамо Минск» ойыншысы Ник Мерклиді алуға тырысқаны туралы «Квадратная правда» Telegram-арнасы ақпарат таратқан болатын, бірақ ақыр аяғында канадалық хоккейші «Автомбилист» командасын ауысты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

«Барыс» Никке жақсы ұсыныс жасады, оған Меркли келісуге дайын болды, бірақ күтпеген жерден ол басқа клубқа ауысып кетті», – делінген хабарламада.

Канадалық шабуылшы 1997 жылы 23 мамырда Калгари қаласында дүниеге келген. Оның Бойы 178 сантиметр.

Өткен ҚХЛ чемпионатында жақсы өнер көрсеткен. Плей-оффта Меркли 6 ойын өткізіп, 4(3+1) ұпай жинады.

Меркли 2022 жылдан бастап «Динамо Минск» құрамында өнер көрсетті. Ол ҚХЛ-да барлығы 143 матч өткізіп, 79 (40+39) ұпай жинаған.