Жаңалықтар

"Орыстар көшпенді халық па?": Ресей көшпенділер ойындарын өткізгісі келеді

Ресей көшпенділер ойындарын өткізуге мүдделі

Ресей Федерациясы Ұлттық және бейолимпиадалық спорт түрлері комитетінің вице-президенті Игорь Павлюк Ресейдің дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге мүдделі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Ресейдің Біріккен құрамасының нәтижелерін қорытындылаған баспасөз конференциясында ол Ресейдің ойындарды өткізу құқығын алу үшін бірқатар нормативтік мәселелерді шешу қажеттігін атап өтіп, бұл мәселені ойлауға уақыт бар екенін айтты.