ММА-ден әлем чемпионы Төтенше жағдайлар департаментіне жұмысқа орналасты (фото)
Ол алдағы уақытта ел қорғауға бар күшін салады
Танымал қазақстандық спортшы Санжар Әділов Төтенше жағдайлар министрлігінде жұмысқа орналасты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Санжар Әділов ММА және жауынгерлік самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері және ММА-ден әлем чемпионы атанған. Ал қазіргі таңда Alash Pride кәсіпқой лигасының чемпионы.
Санжар өртті сөндіруге, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының намысын қорғап, әлемдік аренадағы спорттық жарыстарға қатысуды да жалғастырады.