Бокс

Қазақстан бокс федерациясы World Boxing ұйымына қосылу үшін ресми өтініш берді

Қазақстан бокс федерациясы маңызды қадам жасады

Қазақстан бокс федерациясы World Boxing ұйымының қатарына қосылу үшін ресми өтініш берді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан бокс федерациясы ұзақ талқылаулар мен сараптаманың нәтижесінде маңызды шешім қабылдады. Қазақстан бокс федерациясы World Boxing ұйымының қатарына қосылу үшін ресми өтініш берді. Бұл шешім бірінші кезекте отандық боксшылардың Олимпиадалық болашағымен тікелей байланысты.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы атанған болатын.

Айта кетейік, World Boxing – Халықаралық бокс федерациясы. Ұйым 2023 жылдың сәуірінде құрылды. Қазіргі таңда ұйым құрамына әлемнің 44 мемлекетіндегі Ұлттық федерациялар енген.