Ерлер

«Ордабасы» неге өз алаңында сүреңсіз ойын көрсетті?

«Ордабасының» еурокубоктағы матчы жайлы бас бапкер баяндады

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында команданың «Петрокубқа» қарсы матчта сүреңсіз ойыны туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

«Бізге алдын ала жоспарланған ойындарды кейінге шегерген клуб басшылығына, ҚФФ-ға және осы ұсынысты мақұлдаған өзге де клубтарға алғысымды білдіремін. Мен ел чемпионатының мәні мен маңызын төмендеткім келмейді. Бірақ қазіргі уақытта біз еурокубокта өнер көрсетіп, үлкен жауапкершілікті арқалап келеміз. Темірлан Ерановты ойын барысында мәжбүрлі түрде ауыстыру бізге эмоционалды тұрғыдан қатты әсер етті. Сондықтан біз Тұңғышбаев пен Шеховичті кейінірек шығардық. Егер біз ойыншыларды біртіндеп босататын болсақ, онда біз ойынның динамикасын өзгертер едік. Сапасыз ойын? Мұндай ойындарда нәтиже қажет. Эстетикалық футболды көрсету қажет болғанда, мен сондай ойынды көрсететін ойыншыларды шығарамын», – деді Седнев.

Естеріңізге сала кетейік, «Ордабасы» мен молдовалық «Петрокуб» арасындағы матч тең ойынмен аяқталған болатын (0:0). Екінші матч 17 шілдеде Кишиневте (Молдова) өтеді.