Бокс

Назым Қызайбай "Қарағанды аруы" байқауына қатысады (фото)

Олимпиада жүлдегері "Қарағанды аруы" байқауына қатысады

Бүгін, 27 қыркүйекте Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Қарағанды облысының орталығында сұлулық байқауына қатысады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

"Қарағанды аруы" байқауының Instagram желісіндегі ресми парақшасының мәліметінше, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанған боксшы Назым Қызайбай бұл шарада қалалық байқаудың қазылар алқасы құрамында болады.

Айта кетейік, Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалында Қытай спортшысы Ву Юдан жеңіліп, қола жүлде иеленген еді. Қазақстандық боксшы 12 тамызда елге оралды.