Футзал

"Диваннан секіріп түстік": УЕФА кубогының иегері ұлттық құраманың жеңісі туралы айтты

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы өз ойын ортаға салды

2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, екі дүркін УЕФА кубогының иегері, он мәрте Қазақстан чемпионы атанған ойыншы Серік Жаманқұлов Sports.kz сайтына берген сұқбатында Қазақстан мен Португалия арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалындағы матч туралы өз пікірін білдірді. Қазақстан құрамасы Португалияны 2:1 есебімен жеңген болатын, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалында Қазақстан құрамасы Аргентина мен Хорватия арасындағы жеңімпазбен кездеседі.