Футзал

Әлем комментаторларының Қазақстанның жеңіс голына реакциясы қандай болды?

Қазақстан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Әлем чемпиондары Португалияны үйіне қайтарған жеңіс голына әр елдің комментаторлары ерекше реакция білдірген, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Қазақстан құрамасы 2024 жылғы футзалдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалияны жеңіп, керемет жеңіске жетті. Өзбекстанның Әндіжан қаласында өткен ойын 2:1 есебімен аяқталды. 11-минутта Шыңғыс Есенаманов есепті ашып, Қазақстан алға шықты. 21-минутта Зики Те есепті теңестіріп, 1:1 қылды. Алайда матчтың аяқталуына 14 секунд қалғанда Даурен Тұрсағұлов Қазақстанға жеңіс әкелетін голды соқты.