Винисиус футболдан кетеді: Расизмнің нәтижесі осы ма?
Джуд Беллингем досының ішкі уайымымен бөлісті
«Реал Мадрид» футбол клубының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем өзінің досы Джуниор Винисиустың расизм салдарынан жапа шегіп жүргенін айтты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Наурыз айында өткен баспасөз мәслихаты кезінде Винисиус расизмге қатысты ойымен бөлісіп, көзіне жас алған болатын.
Айта кетейік, 2022/23 маусымында «Реал» сырт алаңда «Валенсияға» қарсы ойын өткізген болатын. Нәтижесінде, қарсы тараптың жанкүйерлері бүкіл ойын бойы Винисиуске қарсы расизмнің белгілері бар түрлі жала жауып, намысына тиді. Ойын екінші таймда тоқтатылды.