"0:3 болып жеңілу – ұят" : Эрик тен Хаг орнын босатады
"Манчестер Юнайтед" футбол клубының бас бапкері жұмыстан кетуі мүмкін
Англия Премьер-лигасының 6-шы туры аясында "Манчестер Юнайтед" командасы "Тоттенхэмге" 0:3 есебімен есе жіберді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Нәтижесінде, танымал британдық тілші Пирс Морган бұл қорытындыдан кейін "қалалықтардың" бас бапкері Эрик тен Хаг қызметін жақын арада босатуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, Эрик тен Хаг "Манчестер Юнайтед" командасына 2022 жылдан бастап бапкерлік етеді.