Футзал

Ине шаншар жер жоқ: «Қазақстан-Аргентина» ойыны қалай өтеді?

Қазақстандықтар 1/4 финалда бақ сынасады

Бүгін, 30-шы қыркүйек күні Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында футзалдан Әлем чемпионатының жартылай финалында өнер көрсету үшін Қазақстан және Аргентина құрамалары бақ сынайды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Ойын Қазақстан уақытымен кешкі 20:00-де басталады. Ташкенттің «Хумо Арена» спорт аренасы 12 500 адамды көрермен ретінде қабылдай алады екен. 

Көрші мемлекеттің БАҚ өкілдерінің айтуынша, бүгінгі ойынға барлық билеттер сатылып кеткен. Яғни, аншлаг! 

Айта кетейік, тікелей эфирді кешкі сағат 20:00-де QazSport арнасынан тамашалай аласыздар.