Футзал

Футзал ӘЧ: Ташкенттегі жанкүйерлер шеруі (ВИДЕО)

Келіп жатқан жанкүйерлердің қарасы көп. Барлығы қазақтың көк байрағын көтеріп, Ташкент көшесін шулатып келеді.

Дәл қазір Өзбекстан астанасы Ташкенттегі «Хума» аренасының маңында Қазақстан байрағын көтерген қазақтар, өзбектер және басқа ұлт өкілдері жанкүйерлер шеруін ұйымдастырып жатыр. Бұл туралы Ташкентке арнайы барған Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Бүгін Қазақстан және Аргентина арасындағы тартысты ойынның куәсі боламыз.