Бокс

Бүгін қазақ боксында тарихи күн: 24 жыл бұрын не болды?

1 қазан 2000 жыл - Сидней Олимпиадасындағы бокс бәсекесінің финалы өтті

24 жыл бұрын дәл осы күн Қазақстан боксындағы тарихи күн ретінде тіркелді, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі Prosports.kz сайтына сілтеме жасап. 

1 қазан 2000 жыл - Сидней Олимпиадасындағы бокс бәсекесінің финалы өтті

Бекзат Саттарханов 57 келі салмақ дәрежесіндегі финалда америкалық Рокки Хуаресті жеңіп, Олимпиада чемпионы атанды.

71 келідегі ақтық сында Ермахан Ибраимов румыниялық Марьян Симьоннан басым түсіп, төртжылдықтың басты додасында үздік шықты.

Ал, Болат Жұмаділов (51 келі) мен Мұхтархан Ділдәбеков (+91 келі) күміс жүлдегері атанды. 

Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үздік үштікке енген еді.