Бокс

Айбек Оралбай халықаралық турнирде қарсыласын нокаутқа түсірді

Украиналық қарсыласы кездесуді жалғастырудан бас тартты

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Кеңес одағының батыры Қарақозы Әбдалиев атындағы халықаралық турнирде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

1/8 финалдық кездесуде +92 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Айбек Оралбай украиналық боксшы Кирилл Стоянцевпен кездесті. Жекпе-жектің бірінші раундында Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.