Футбол

Черчесовке қазақ тілін білудің қажеті жоқ – ҚФФ президенті

ҚФФ президенті Черчесовке қатысты пікір білдірді

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовке қазақ тілінде сұрақ қойған журналист пен ресейлік маманның арасындағы ахуал туралы айтты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Sport24.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетелік, 26 маусымда футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесов Астанада өткен баспасөз мәслихатында журналист Нұрсұлтан Құрманмен сөз таластырып қалған.

Магомед Адиев Қазақстан құрамасының бас бапкерлігінен кеткеннен кейін оның орнына Станислав Черчесов тағайындалған болатын.

Ұлттар лигасы аясында Қазақстан құрамасы «В» дивизионында Аустрия, Норвегия және Словения құрамаларымен кездеседі. Бірінші ойындар қыркүйек айынының басына жоспарланған.