Хоккей

Барлық кінә "Барыс" жетекшілерінің мойынында: Атақты агент астаналық клубты сынға алды

Бірінші кезекте ойыншылар зардап шекті

Атақты хоккей агенті Шуми Бабаев астаналық "Барыс" клубында орын алған соңғы жағдайларға қатысты жеке пікірімен бөлісті,- деп хабарлайды Dopmedia.kz 

"Барыс" хоккей клубы соңғы рет "Торпедо" командасына 1:10 есебімен жеңіліс тапты. Бұл ойын көптеген спорт эксперттеры мен жанкүйерлердің уайымға түсуіне себеп болды. Жаңа маусымды астаналық клуб канадалық бапкер Дэвид Немировскимен бастаған болатын. Алайда, соңғы жеңілістерден кейін клуб басшылығы бапкерді қызметінен босатып, оның орынына ресейлік Вячеслав Буцаевты тағайындады. 

Айта кетейік, «Барыс» хоккей клубының бас бапкері Вячеслав Буцаев алғашқы ойында команданы жеңіліске ұшыратқаны жайлы жазған болатынбыз.