Үлкен теннис

Бейбіт Жукаев Шанхайдағы Мастерс турнирінің негізгі кезеңіне өтті

Бейбіттің айлағашқы айналымда кездесетін теннисшінің есімі кейін белгілі болады.

Бейбіт Жукаев (196 АТР) өз мансабында екінші рет Шанхайдағы ATP «Мастерс» 1000 турнирінің негізгі жарыс кезеңіне өтті,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі Қазақстан Теннис Федерациясына сілтеме жасап. 

Іріктеудің шешуші кездесуінде Жукаев британдық Билли Харристы (104 АТР) 7:5, 2:6, 6:4 есебімен жеңді. Бейбіттің айлағашқы айналымда кездесетін теннисшінің есімі кейін белгілі болады.

Шанхайдағы «Мастерс» Бейбіт үшін ең сәтті турнирлердің бірі. Былтыр ол чех Доминик Паланды 7:6 (8:6), 3:6, 6:3 есебімен жеңіп, негізгі сынға өткен еді.