Жаңалықтар

«Болады құдай қаласа» — депутат Ардақ Назаров АЭС жайлы

Ережесіз жекпе-жектен халықаралық чемпион АЭС-ке қатысты өз пікірін білдірді

Ережесіз жекпе-жектен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Азия чемпионы және Еуропа чемпионы Ардақ Назаров елімізде АЭС-тың салынуын толық қолдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Ulysmedia.kz телеграм-арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Ардақ Назаров – 1999 жылы джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы, ережесіз жекпе-жектен әлемнің және Еуразияның екі дүркін чемпионы, әлем кубогының иегері.