Көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығын көлемі белгілі болды
Бұл додаға 89 елдің спортшылар сынға түседі
Астанада қыркүйекте өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын қаржы көлемі белгілі болды. Аталмыш этно-спорттық додаға 8 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалмақ. Бұл туралы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров мәлімдеді, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
Дирекция басшысының хабарлауынша, 8-12 қыркүйек күндері өтетін бәсекеге әлемнің 89 елінен келген спортшылар 21 спорт түрінен сынға түседі.
Айта кетелік, көшпенділер ойындары Астанадағы бірқатар спорт кешенінде ұйымдастырылады. «Қазанат» ипподромы, «Алау» мұз сарайы, «Астана-Арена» кешендерінде бесінші мәрте өткелі отырған дода көрермендерін қабылдайтын болады.