Хоккей

«Барыс» канадалық хоккейшімен келісімшартты бұзды

Эдуард Паскуале өз мансабын басқа клубта жалғастырады

«Барыс» хоккей клубы қақпашы Эдуард Паскуалемен келісімшартты бұзды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

33 жастағы канадалық хоккейші өткен маусымда 36 ойын өткізіп, 4 жеңіске қол жеткізсе, 24 жеңіліске ұшырады. Қайтарған соққыларының пайыздық үлесі – 90,4%.

Айта кетелік, бұған дейін қақпашы «Металлург» және «Локомотив» клубтарында өнер көрсеткен.