Баскетбол

Алматы Астананы қапы қалдырды: Жаңа маусымдағы алғашқы сенсация!

Жаңа маусымның алғашқы ойынында елордалық «Астана» мен «Алматы Легионы» командалары бас қосты.

Қазақстан Республикасының баскетболдан ұлттық чемпионатының маусымын ашу ерекше толқыныспен өтті! Елорданың жүрегі – Астана қаласындағы PBC Astana Academy ғимаратында Anadolu Efes қолдауымен ұлттық лига жаңа кезеңге қадам басты.Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Жаңа маусымның алғашқы ойынында елордалық «Астана» мен «Алматы Легионы» командалары бас қосты. Жанкүйерлерді тамсандырған тартысты матч 90:86 есебімен алматылықтардың жеңісімен аяқталды. Команда капитаны бұл жеңістің алда үлкен жетістіктерге жол ашатынын атап өтті. 

Осы орайда «Алматы Легионы» командасының капитаны жылы лебізін білдірді. 

Сүйікті командаларына дем беріп, қолдау білдіруге келген көрермен де баршылық. Жанкүйерлер матчтан алған әсерлерімен де бөлісті. 

Іс-шараға арнайы қонақ ретінде FIBA 3x3 жарыстар жөніндегі аға менеджері Масаки Китамура қатысты. Китамура чемпионаттың халықаралық деңгейде мойындалғанын атап өтті.

Биылғы чемпионат Қазақстанның ең мықты 8 командасын бір аренада тоғыстырды. Бұл шара баскетболға деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, елімізде спорттың дамуына үлкен серпін беріп отыр.

Anadolu Efes қолдауымен Қазақстанда ұлттық баскетбол лигасының құрылуы – еліміздің спорт тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі.

Қазақстан баскетбол федерациясының президенті Абай Алпамысов бұл серіктестікті ерекше бағалап, былай деп атап өтті:

Anadolu Group пен баскетбол арасындағы ынтымақтастықтың терең тарихы бар. Anadolu Efes Spor Kulübі – Түркияның жетекші баскетбол командаларының бірі, және оның халықаралық деңгейдегі жетістіктері бұл клубты басқалардан ерекшелендіреді. Anadolu Efes бірнеше рет Еуролиганың чемпионы атанды, оның ішінде 2021 және 2022 жылдары қатарынан жеңіске жетіп, клубтың деңгейі мен күшін дәлелдеді. Мұндай жетістіктердің арқасында Anadolu Group халықаралық спорт аренасында да мықты ойыншы ретінде танылды.

Anadolu Group-тың Еуролигадағы жетістіктері мыналарды қамтиды:
1. Еуролигадағы жеңістер:
2021: финалда испандық Барселона клубын жеңіп, бірінші титулды жеңіп алу
2022: Титулды сәтті қорғау Реал Мадридті жеңді

2. Еуролиганың финалистері: Клуб басқа жылдары да финалға шықты, оның ішінде 2019 жылы ЦСКА-дан жеңіліп қалды.

Бұл жетістіктер Anadolu тобының халықаралық аренадағы жоғары ойын және бәсекеге қабілеттілігін растайды.