Футбол

Милитао кетті, Бруно келді: Бразилия құрамасында жаңа өзгерістер

Ұлттық құрама ойыншылары күтпеген шешім қабылдады

Эдер Милитао Бразилия құрамасының алдағы матчтарына қатыса алмайды, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі 

"Реал" қорғаушысы Бразилияға барып, медициналық тексеруден өткен кезде оның сол аяғының сан бұлшық етінде жарақат бары анықталды.

Осы себепті футболшы Чили мен Перуге қарсы кездесулерге қатыспайтын болды.

Оның орнына ұлттық құрамаға "Фламенго" ойыншысы Фабрисио Бруно шақыртылды.