Кіші теннис

Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды

Чемпионатқа Париж-2024 Олимпиадасының қатысушысы өнер көрсетуде

Еліміздің елордасы Астана қаласында үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Қазақстанда өтіп жатқан үстел теннисінен Азия чемпионатына 26 елден келген 210 спортшы қатысуда. Бұл халықаралық жарыста еліміздің намысын мына спортшылар қорғайды: Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Искандер Харки, Айдос Кенжеғұлов, Санжар Жұбанов, Сарвиноз Миркадирова, Зауреш Акашева, Анастасия Лаврова, Анель Бақыт және Ангелина Романовская.

Жарыс бағдарламасында жекелей, командалық, жұптық және аралас жарыстар бар. Жүлделер осы санаттар бойынша сарапқа салынады. Турнир елордадағы Ұлттық теннис орталығында өтіп, көрермендерге Qazsport телеарнасында тікелей эфирде ұсынылады.

Күн сайынғы ойындар таңғы 10:00-де басталып, чемпионат 13 қазанда өз мәресіне жетеді.