Футбол

Қазақстан U-21 құрамасы Еуропа чемпионатына аяқ басты

Бүгін команда екі жаттығу өткізіп, таңертең Испанияға алыс жолға шығады

Қазан айында жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің қорытынды матчтарын өткізеді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Алдымен сырт алаңда Испаниямен кездессе, артынша Алматыда Шотландия құрамасын қабылдайды.

Бүгін команда екі жаттығу өткізіп, таңертең Испанияға алыс жолға шығады.

Қазақстан жастар құрамасының ойындар кестесі:

1. Испания U21 — Қазақстан U21 

10.10.24 |  23:30

Кадис, Испания

Ла Линеа-де-Ла-Консепсион стадионы

2. Қазақстан U21 — Шотландия U21 

15.10.24 | 21:00

Алматы, Қазақстан

Орталық стадион