Қазақ батыры Hardcore турнирінде ауыр нокдаунға түсіп қалды (видео)
Қазақ жауынгері жекпе-жектің нәтижесінде жеңіліс тапты
Hardcore промоушенінде сынға түсіп жүрген қазақстандық жауынгер әрі фудблогер Ернар Ерназарұлы ресейлік спортшы Виктор Боронинмен жекпе-жек өткізіп, жеңіліс тапты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
1 қазанда Hardcore промоушенінің турнирі өтті. Кештің басты оқиғасында қазақстандық спортшы Ернар "Донателло" Ерназарұлы мен ресейлік Виктор Боронин кездескен еді.
Жекпе-жектің алғашқы раунды Ернардың бақылауында болды, ол қарсыласынан еш соққы жібермей, соққыларын дәл бағыттап отырды. Дегенмен, бес минуттық раундтың соңына қарай Виктор Боронин қазақстандық спортшының денесіне сол қолмен бүйірден соққы жасап, Ернарды нокдаунға жіберді.
Екінші және үшінші раундтарда анық басымдық байқалмады, бірақ жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Виктор Боронинге берді. Осылайша, "Донателло" мансабындағы бесінші жеңілісіне тап болды.
Айта кетейік, бұған дейін Ернар Ерназарұлы 20 тамызда дағыстандық Джахар Мажитовпен кездесу өткізген болатын. Алғашқы раундта Мажитов жақсы әрекеттер көрсеткенімен, екінші раундтың басталғанынан 5 секунд өткен соң қазақстандық спортшы қарсыласын нокдаунға жіберді.