Максим Самородов "Ахмат" командасында топ жарды
Барғаны кеше, бірақ бүгін үздік деп танылды
Қазақстандық шабуылшы Максим Самородов қыркүйек айында "Ахмат" клубының ең үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі. Бұл атақ жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде берілді.
Айдың ішінде команда төрт кездесу өткізген болатын, әрбір матчтан кейін клубтың Telegram арнасында жанкүйерлерге ойыншыны таңдау ұсынылды. Дауыс беру қорытындысы бойынша, Максим Самородов ең көп ұпай жинап, көш бастады — жалпы 13 ұпай (екі матчта үздік ойыншы, бір матчта екінші орын алған).
Қыркүйекте Самородов "Ахмат" құрамында 5 ойынға қатысып, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.
Тағы да оқыңыздар: Көпшілік мақтаған Максим Самородов қазақша сөйлей ала ма?