Жаңалықтар

Ресейлік спортшы Қазақстан үшін медаль жеңіп берді (фото)

Ол Астанада өткен турнирде топ жарды

Қазақстан атынан сынға түсіп жүрген ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Астанада өткен халықаралық "Denis Ten Memorial Challenge" V турнирінде медаль жеңіп алуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Айта кетейік, Астанада 3-5 қазан аралығында өткен "Denis Ten Memorial Challenge" V халықаралық турниріне 31 елден 120-ға жуық спортшы қатысты.

Еске сала кетейік, 17 жастағы Софья Самоделкина 2023 жылдың жазында Қазақстан азаматтығын алған. Ал 2024 жылдың мамырында оның Қазақстан құрамасына өтуі ресми түрде мақұлданды.