Теннис жұлдызы Қытайдағы суреті үшін көпшіліктің сынына ұшырады (фото)
Ол барлық адамның ашуына тиген
Испаниялық теннисші Паула Бадоса расизмге байланысты айыпталды. Ол қытай мейрамханаларының бірінде түскен суретті әлеуметтік желіде жариялағаннан кейін осындай сынға ұшырады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Суретте спортшы тамақтану таяқшаларын көздерін кішірейтіп көрсету үшін қолданған, бұл көптеген жанкүйерге азиялықтарға келемеж ретінде көрінді. Осыдан кейін Бадоса кешірім сұрауға мәжбүр болды.
Айта кетейік, Паула Бадоса Бейжіңде өткен беделді China Open турнирінің жартылай финалына жеткенімен, әлемнің 4-ракеткасы, АҚШ спортшысы Кори Гауффқа жол берді.