Үлкен теннис

Рыбакина Уимблдон додасындағы жорығын тәмамдады

Теннисші Уимблдонның жартылай финалында сүрінді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон-2024 турнирінің жартылай финалында өнер көрсетті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Жартылай финалда Елена Рыбакина чехиялық теннисші Барбора Крейчиковадан жеңіліп қалды.

Кездесу 3 сеттің қорытындысы бойынша тәмамдалды. Чехиялық теннисші 3:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. 

Финалда чехиялық теннисші италиялық Ясмина Паолиниге қарсы ойнайды.