Жаңалықтар

Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты бейнебақылау камералары жазбасы өшірілді ме?

Полиция осы мәселеге қатысты түсініктеме берді

Алматы облысы Талғар ауданында қайғылы оқиға болған жерден бейнебақылау камералары жазбасы өшірілді деген жалған ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Облыстық полиция мәліметінше, БАҚ пен әлеуметтік желіде қайғылы оқиға тіркелген жерден бейнебақылау камералары жазбасы өшірілді деген жалған ақпарат тарады.

Полиция қазақстандықтарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады және жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Бұған дейін Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысы бар деген күдікпен 7 адам ұсталғаны хабарланған.