Күрес

"Әйелім өзбек ұлтынан": Елдос Сметовтің бапкері өз құпиясын айтты

Ғалымжан Жылгелдиев отбасылық өміріндегі құпиясын бөлісті

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев өзінің жеке өмірі жайлы айтты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Белгілі дзюдо маманы өзінің шәкіртімен отбасын құрып, бүгінде бірнеше бала тәрбиелеп отыр. Өзбек ұлтының өкілін алған Ғалымжан Жылгелдиев кезінде әйелін дзюдо мен самбо бойынша жаттықтырған көрінеді. Бұл туралы ол Айбек Мұхановқа берген сұқбатында айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Ғалымжан Жылгелдиев дзюдодан еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Ол Олимпиада ойындарының алтын, күміс, қола жүлдесін иеленген Елдос Сметовті ұзақ жылдардан бері жаттықтырып келеді.