Жаңалықтар

Ресейден келген жүзгіш қазақ тілін үйреніп жүргенін айтты (видео)

Оның айтуынша, ол қазақ тілінде сұқбат бергісі келеді

Қазақстандық жүзгіш Софья Сподаренко қазақ тілін үйренудегі жетістіктерін бөлісті, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

26 жастағы спортшы өткен жылы Қазақстанға оралып, ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі атанды. Бұрын Ресей атынан өнер көрсеткен Софья жақын арада қазақ тілінде сөйлейтіндігіне сенімді.

Софья Сподаренко Өскемен қаласында дүниеге келген, бірақ бала кезінде ата-анасымен бірге Ресейге көшіп кеткен. 2022 жылдың маусым айында Софья туған жеріне оралып, бірнеше айдан кейін Қазақстан азаматтығын алды.