Жаңалықтар

"Соңғы жыл": Астанадағы LRT құрылысы қашан аяқталады?

Астанадағы LRT құрылысының аяқталуы туралы ақпарат шықты

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Нұра ауданының тұрғындарымен кездесуінде LRT құрылысы қалай жүріп жатқанын және қашан аяқталатынын айтты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесуде қаладағы өзекті мәселелер қозғалды. Мәселен, LRT құрылысы. Әкімге тұрғындар жақында LRT құрылысындағы екі монолит арқалықтың ағашпен бекітілгені түсірілген фото тарағанын еске салды. Астана тұрғындарында нысанның қауіпсіздігін кім қамтамасыз етеді деген заңды сұрақ туындады.

Елорда әкімінің сөзінше, LRT-ның үстіңгі құрылысына байланысты жұмыстар келесі жылға жоспарланған.