Үлкен теннис

Қазақстандық теннисшілер Уимблдонның ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисшілер ширек финалда ойнайды

Қазақстандық теннисшілер Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева жасөспірімдер арасындағы Уимблдон турнирінің жұптық сынында екінші айналымда жеңіске жетті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Бұл кезеңде спортшылар словакиялық Рената Ямриховамен және жапондық Эни Койкемен кездесті.

Матч супер-тай-брейкке дейін ұласты. Нәтижесінде Арыстанбекова мен Жиенбаева 6:2, 3:6, 10-6 есебімен жеңіске жетті. Қарсыластар кортта 1 сағат 2 минут уақытын өткізді.

Ширек финалда қазақстандық дуэт чехиялық Юлия Пастиковамен және неміс Юлия Стусюкпен кездеседі.